ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы сот судьялары қызметіне бірнеше кандидатура бекітілді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі.
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы сот судьялары қызметіне бірнеше кандидатура бекітілді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі.
Атап айтқанда, сенаторлар Қазақстан Президентінің жоғарғы сот кеңесі ұсынымына негізделген ұсынысы бойынша Жоғарғы соттың жаңа судьялары қызметіне Серік Әбдірахманов пен Мейрам Жанғұттиновты сайлауға дауыс берді.
"Олар қазір судья болып қызмет етіп жатқан еңбек өтілі үлкен адамдар", - деді жалпы отырыста Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Бектас Бекназаров.
Ол, сондай-ақ, отставкаға кетуіне байланысты Николай Мамонтов пен Нұрия Сынғалиеваны Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату туралы Президенттің ұсынысын оқып берді.
"Бұл судьялар зейнет жасына келген және олар жұмысы барысында өздерін беделді әрі тәжірибелі судья ретінде көрсете білді", - деді Бекназаров.