Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Ермекбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылсын", - делінген хабарламада.
Ермекбаев Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Ол 1986 жылы ол КСРО Қорғаныс министрлігінің Қызыл Тулы әскери институтының шығыс тілдері факультетін "Қытай және ағылшын тілдерін білетін офицер" мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған. 2000 жылдары ол ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болды. I сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкіл деген дипломатиялық шені бар.
Сонымен бірге, Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының өкімімен Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметінен босағанын хабарлады.