22 сәуір 2024 | 14:18

Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық болады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" РМҚ жетекші инженер-агрометерологы Қамар Сәлиева мамыр айына арналған болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМҚ жетекші инженер-агрометерологы Қамар Сәлиева мамыр айына арналған болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, 2024 жылдың мамырында негізгі егін шаруашылығы өңірлерінде ылғалдық көбіне нормаға жуық және жоғары болып күтілуде.

"Қызылорда облысының Қармақшы ауданында атмосфералық құрғақшылық күтілуде, мұнда жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарлауы болжанады", - деді ол.

Ал, бірқалыпты ылғалды жағдай болжанған өңірлер:

  • Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы;
  • Қостанай облысының Қарабалық, Сарыкөл, Қарасу, Әулиекөл аудандарында және Б.Майлин атындағы ауданда;
  • Ақмола облысының Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Ақкөл, Жарқайың, Астрахан және Шортанды аудандарында;
  • Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железинка, Қашыр, Успенка, Шарбақты және Май аудандарында;
  • Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала, Ақжайық, Жаңақала аудандарында және Орал қаласында;
  • Ақтөбе облысының Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы, Мұғалжар, Ыргыз, Ойыл аудандарында және Ақтөбе қаласында;
  • Атырау облысының Құрманғазы, Махамбет, Қызылқоға аудандарында және Атырау қаласында;
  • Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында;
  • Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында;
  • Шығыс Қазақстан облысының Глубокое, Самара, Катонқарағай, Куршим аудандарында және Алтай ауданында;
  • Түркістан облысының Қазығұрт және Қаратау аудандарында.

Маман мамырда өте ылғалдық сақталатын өңірлерді атады.

"Қостанай облысының Қарасу ауданында, Батыс Қазақстан облысының Бурлин, Сырым және Қаратөбе аудандарында, Павлодар облысының Ертіс және Успенка аудандарында және Павлодар қаласында қажетті ылғал сақталмақ. Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады деп күтілуде", - деді Қамар Сәлиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer