ПОДЕЛИТЬСЯ
22 сәуір 2024 | 14:18
Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық болады?
"Қазгидромет" РМҚ жетекші инженер-агрометерологы Қамар Сәлиева мамыр айына арналған болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМҚ жетекші инженер-агрометерологы Қамар Сәлиева мамыр айына арналған болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның сөзінше, 2024 жылдың мамырында негізгі егін шаруашылығы өңірлерінде ылғалдық көбіне нормаға жуық және жоғары болып күтілуде.
"Қызылорда облысының Қармақшы ауданында атмосфералық құрғақшылық күтілуде, мұнда жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғарлауы болжанады", - деді ол.
Ал, бірқалыпты ылғалды жағдай болжанған өңірлер:
- Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы;
- Қостанай облысының Қарабалық, Сарыкөл, Қарасу, Әулиекөл аудандарында және Б.Майлин атындағы ауданда;
- Ақмола облысының Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Ақкөл, Жарқайың, Астрахан және Шортанды аудандарында;
- Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс, Железинка, Қашыр, Успенка, Шарбақты және Май аудандарында;
- Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала, Ақжайық, Жаңақала аудандарында және Орал қаласында;
- Ақтөбе облысының Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы, Мұғалжар, Ыргыз, Ойыл аудандарында және Ақтөбе қаласында;
- Атырау облысының Құрманғазы, Махамбет, Қызылқоға аудандарында және Атырау қаласында;
- Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында;
- Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында;
- Шығыс Қазақстан облысының Глубокое, Самара, Катонқарағай, Куршим аудандарында және Алтай ауданында;
- Түркістан облысының Қазығұрт және Қаратау аудандарында.
Маман мамырда өте ылғалдық сақталатын өңірлерді атады.
"Қостанай облысының Қарасу ауданында, Батыс Қазақстан облысының Бурлин, Сырым және Қаратөбе аудандарында, Павлодар облысының Ертіс және Успенка аудандарында және Павлодар қаласында қажетті ылғал сақталмақ. Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы нормаға жуық болады деп күтілуде", - деді Қамар Сәлиева.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также