Қазақстанның қай өңірлерде күн бұзылады, қай өңірлерде жол жабылады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның қай өңірлерде күн бұзылады, қай өңірлерде жол жабылады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Күн күрт бұзылуына байланысты "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Күн күрт бұзылуына байланысты "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

8 желтоқсанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Алматы, Абай, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр, қар жауады.

"Жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады", - деді "ҚазАвтоЖол" өкілдері.

8 желтоқсанда мына республикалық жолдарда жүк көлігі және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды:

  • Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы тасжолының 36-67-шақырым аралығы (төлемақы алу пунктінен Қонаев қаласына дейін);
  • Алматы - Шелек - Қорғас тасжолының 24-136-шақырым аралығы (төлемақы алу пунктінен Шелек ауылына дейін).
  • Жолды 8 желтоқсанда сағат 13:00-де ашу жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.55   555.73   5.81 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети