Қазақстанның қай өңірлерінде пара беру және алу жиі анықталады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның қай өңірлерінде пара беру және алу жиі анықталады? Фото ©️ Турар Казангапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның қай өңірлерінде пара беру және алу жиі тіркелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанның қай өңірлерінде пара беру және алу жиі тіркелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда 1346 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 1015-і (75 пайызы) - сыбайлас жемқорлыққа қатысты.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көбі Астана (155 факт), Шымкент (89) және Алматы (66) қалаларында, сондай-ақ Алматы облысында (68) және Абай облысында (54) тіркелген.

Қазақстан өңірлеріндегі сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер:

  • Астана - 155
  • Шымкент - 89
  • Алматы - 66
  • Алматы облысы - 68
  • Абай облысы - 54
  • Шығыс Қазақстан облысы - 53
  • Павлодар облысы - 51
  • Түркістан облысы - 49
  • Қарағанды облысы - 47
  • Жамбыл облысы - 45
  • Қызылорда және Қостанай облыстары - 44
  • Ақтөбе облысы - 41
  • Атырау облысы - 34
  • Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары - 30
  • Ақмола облысы - 24
  • Маңғыстау облысы - 22
  • Жетісу облысы - 49
  • Ұлытау облысы - 20

Сотталғандар саны және мемлекетке келтірілген залал

2024 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін 988 адам жауапкершілікке тартылған. Антикор мәліметіне сәйкес, олардың ішінде:

  • ҚР ҚК 361-бабы (Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) бойынша - 52 адам;
  • 366-бап (Пара алу) - 260 адам;
  • 367-бап (Пара беру) - 348 адам;
  • 368-бап (Парақорлыққа делдал болу) - 30 адам.

2024 жылы жалпы 914 адам сотталған, оның басым бөлігі 367-бап (297 жағдай) және 366-бап (242 жағдай) бойынша. Сондай-ақ 189-бап (Иемдену немесе ысырап ету) бойынша 128 адам сотталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеген істер бойынша 660 адам сотталған. Оның ішінде:

  • 361-бап бойынша - 31 адам;
  • Парақорлық бойынша - 457 адам (366-бап - 187 адам, 367-бап - 238 адам, 368-бап - 32 адам);
  • Басқа сыбайлас жемқорлық баптары бойынша - 172 адам.

Сотқа дейінгі аяқталған істер бойынша мемлекетке келтірілген залал - 486,1 миллиард теңге.

Мемлекеттік органдар мен қызмет салаларындағы сыбайлас жемқорлық

Ең көп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандар:

  • Әкімдік қызметкерлері - 223;
  • Квазимемлекеттік сектор қызметкерлері - 106;
  • Ішкі істер органдары қызметкерлері - 102;
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29;
  • Қаржы министрлігі - 28;
  • Төтенше жағдайлар министрлігі - 14.

Сыбайлас жемқорлыққа ең бейім салалар:

  • Білім беру - 154 дерек;
  • Ауыл шаруашылығы - 63;
  • Денсаулық сақтау - 49;
  • Әлеуметтік қамсыздандыру - 48.

Соңғы үш жылдағы динамика

2022 жылдан 2024 жылға дейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 9 пайызға азайған - 1118-ден 1015-ке дейін:

  • 2022 жыл - 1118;
  • 2023 жыл - 1099;
  • 2024 жыл - 1015.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети