Қазақстанның қай өңірінде карантин күшейтілмегені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның қай өңірінде карантин күшейтілмегені белгілі болды © Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанда, 19 қазандағы жағдай бойынша, карантин күшейтілмеген өңірлер аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда, 19 қазандағы жағдай бойынша, карантин күшейтілмеген өңірлер аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде карантин Қазақстанның үш өңірінде және республикалық маңызы бар бір қалада күшейтілмеген. Ол - Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы. 

Еске салайық, 13 қазаннан бастап Маңғыстау және Атырау облыстарында, ал 15 қазаннан Ақмола облысында карантин күшейтілген болатын. 

Сонымен қатар, 16-17 қазанда Жамбыл, Алматы, Павлодар, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының бас санитар дәрігерлері коронавирустың тарауына байланысты шектеулерді күшейтті. 

Бүгін, 19 қазанда Қарағанды облысында карантин күшейтілді. Ал 20 қазаннан бастап Қостанай облысында жаңа шектеулер енгізіледі. 

Сонымен қатар, карантин республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында күшейтілді.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети