Қазақстанның қай өңірінде табыс жоғары?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның қай өңірінде табыс жоғары? Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Сарапшылар Қазақстанда "бай" азаматтар қай өңірде тұратынын есептеп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Data Hub-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарапшылар Қазақстанда "бай" азаматтар қай өңірде тұратынын есептеп шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Data Hub-қа сілтеме жасап.

Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл өңірде ең дәулетті 10 пайыз тұрғынның жан басына шаққандағы орташа айлық табысы 413,2 мың теңге болды. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен - 272,7 мың теңгеден - 1,5 есе жоғары. Қазақстанның басқа өңірлерінде мұндай жоғары көрсеткіш тіркелмеген.

Ұлттық статистика бюросы халықты 10 тең топқа бөледі – ең кедейлерден ең ауқаттыларға дейін. Дәулеттілер қатарына ену үшін айына орта есеппен 189,2 мың теңгеден бастап табыс жеткілікті болған. Топ ішіндегі ең жоғары табыс 1,9 миллион теңгеге дейін жеткен.

Қарағанды облысы 2022 жылы есептеу әдістемесі өзгергеннен бері алғаш рет табысы бойынша "байлар тізімінде" көш бастады. Бұған дейін өңір тұрақты түрде алғашқы бестікке енгенімен, мұндай жоғары көрсеткіштер тіркелмеген – бұрын бұл топтағы орташа табыс шамамен 296 мың теңге деңгейінде болған.

Сарапшылардың айтуынша, өсім іріктеу ерекшелігімен байланысты болуы мүмкін. Табыс көрсеткіштері 12 мың үй шаруашылығына жүргізілген сауалнама негізінде есептеліп, кейін бүкіл халыққа таратылып қолданылады. Мүмкін, осы тоқсанда Қарағанды облысында әдеттегіден көп ауқатты респондент қамтылған болуы ықтимал.

Басқа өңірлер арасында екінші орында Павлодар облысы - жан басына шаққанда айына 360,8 мың теңге. Бір жыл бұрын көшбасшы болған Астана қазір үшінші орында - 353,3 мың теңге (2024 жылдың үшінші тоқсанында - 480,1 мың теңге). Алматы төртінші орында - 336,2 мың теңге.

Қаңтар–шілде қорытындысы бойынша Қарағанды облысында "байлар" мен "кедейлер" табысы арасындағы алшақтық ең жоғары деңгейлердің бірі тіркелген: біріншілердің табысы екіншілерден 6,7 есе көп. Одан да үлкен айырма тек Павлодар облысында - шамамен 7 есе. Ел бойынша орта есеппен "байлардың" табысы "кедейлерден" 6 есе жоғары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети