Елімізде 15-17 наурыз аралығында қарлы және жауын-шашынды ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Сонымен қатар, республиканың солтүстігінде боран соғып, көктайғақ болады.

"Алдағы үш тәулікте Қазақстан алғашында Оңтүстік-Каспий циклонының ықпалында болады, кейін оған Ресейдің Еуропа бөлігінің солтүстік аудандарындағы суық арктикалық фронт қосылады. Сондықтан да республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталып, солтүстікте қар жауып, боран соғады, сонымен қатар жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететін жел тұрып, көктайғақ болады. Ал оңтүстікте жаңбыр күтіледі, таулы аймақтарда жылымық қар жауып, тұман болады", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы төмендегенімен, бұрынғыша нормадан жоғары болады.