01 маусым 2017 | 15:31

Қазақстанның кез келген азаматы пантеонға қойылуы мүмкін - Абаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ұлттық пантеонға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ұлттық пантеонға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жеке менің пікірім - пантеонның қажеттілігін толық қолдаймын. Бұл елдің дамуына үлес қосқан адамдардың атын есте сақтаудың бір әдісі. Бұдан еш жамандық көріп тұрған жоқпын. Қазақстанның әрбір азаматы, егер олар белгілі бір талаптарға сәйкес келсе, пантеонға жерленуі мүмкін. Еш қиындық көріп тұрған жоқпын", - деді журналистерге Абаев Мәжіліс отырысының үзілісінде. 

Еске салайық, бүгін ҚР үкіметі Ұлттық пантеон туралы ережені жариялаған болатын. Ереже бойынша Пантеон аумағында жерлеуге қайтыс (қаза) болған мына санаттағы тұлғалар жатады:

1) Қазақстан Республикасының президенттері және олардың отбасыларының мүшелері;

2) Қазақстан Республикасының премьер-министрлері және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары және олардың орынбасарлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшылары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағалары;

3) министрлер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері;

4) "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған тұлғалар;

5) "Алтын қыран", "Отан", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев", үш дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордендерімен марапатталған азаматтар;

6) "Кеңес Одағының Батыры", "Социалистік Еңбек Ері" атақтарына ие болған азаматтар;

7) "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған азаматтар;

8) Қазақстан Республикасы Президентінің ерекше шешімі бойынша басқа да азаматтар;

9) Пантеонда жерлеуге жататын тұлғалармен олардың кейін қайтыс болған жұбайлары жерленуі мүмкін.

Сонымен бірге, қайтыс (қаза) болған тұлғаларды жерлеуді ұйымдастыруды қайтыс (қаза) болған адамның жұбайының, жақын туысқандарының не заңды өкілінің бастамасымен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізетіні айтылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети