12 қаңтар күні Қазақстан аумағының көп бөлігінде қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті таратқан "Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, бүгін Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, боран соғады. Атырау облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады.
Ақмола, Маңғыстау облыстарында жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді, тұман түседі. Алматы облысының Алакөл көлі ауданында секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында да жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, боран соғады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, бұрқасын болады.
Еске сала кетейік, "Қазгидромет" бұған дейін жылы күндерден соң қатты аяз болатынын ескерткен еді. Синоптиктердің болжамынша, солтүстіктегі түнгі ауа температурасы 25-33 градусқа дейін төмендейді.