31 наурызда Қазақстанның көптеген облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сілтеме жасап.

Павлодар облысында (186-220 шақырымында) жолды су басқан. Шығыс Қазақстан облысында қардың еруіне байланысты (8-166 шақырымында) Семей - Қайнар тас жолы жабылды. Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты жел, қар, көру мүмкіндігінің төмендігіен) Көкшетау - Атбасар (48-184 шақырымында), Қостанай облысында (232-260 шақырымында) Қостанай - Әулиекөл - Сұраған жолдары және Жезқазған - Петропавл тасжолы жабылды. Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі, боран) байланысты барлық көлік түрлері үшін жолдар жабылды.
Осыған дейін, 31 наурыздан 2 сәуірге дейін күннің жылынуына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы өзендердің деңгейі көтерілетіні және су басу қауіпі бары туралы хабарланды.