08 сәуір 2015 19:00

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде ең әдемі әйел таңдалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сұлулық байқауының қатысушысы Ботагөз Мұсаева. ©ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты Сұлулық байқауының қатысушысы Ботагөз Мұсаева. ©ҚР Қорғаныс министрлігінің сайты

Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде ең әдемі әйел таңдалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде ең әдемі әйел таңдалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ашық Интернетте дауыс берудің бірінші аптасында "Батыр арулар" байқауының қатысушыларына 29 мыңнан астам адам дауыс берді. ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдерінің айтуынша, қазақстандықтармен бірге байқауда көршілес елдердің тұрғындары да белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Дауыс беруге Ресей, Қырғызстан және Әзірбайжанның қолданушылары қатысты. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, әлі дауыс беріп үлгермегендер осы жылдың 10 мамырына дейін өзінің дауысын ұнаған қатысушыға беру мүмкіндігі бар. Әрбір үміткер туралы фотосуреттер мен мәліметтер ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында орналастырылған. 

"Қазірдің өзінде қатысушылар арасында бірнеше әлеуетті көшбасшылар айқын байқалып отыр. Алайда, соңғы қорытындыны ресми дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана шығаруға болады", - деді ведомствоның баспасөз өкілдері.

Қазіргі уақытта берілген дауыстар бойынша, Айгерім Қаракүшікова көш бастап келеді. Шені бойынша, ол сержант. Оған 1145 адам дауыс берген.

Айгерім Қаракүшікова

"Батыр арулар" - бұл ҚР ҚК әскери қызметші әйелдер арасындағы алғашқы қазақстандық байқау. Байқауға Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық түрлері мен әскер тектерінен, сондай-ақ ҚР ҚМ Орталық аппаратынан барлығы 123 әйел қатысады. Байқау қорытындысында ең көп дауыс жинаған 12 үміткер іріктеліп алынады. Олардың барлығы байқау жеңімпаздары деп танылып, 2016 жылғы мамандандырылған күнтізбеге арналған кәсіби фотосессияға қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети