Бүгін bi-azamat.kz сайтында көптен күткен "Қазақстанның құрметті азаматы" жобасының қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін bi-azamat.kz сайтында көптен күткен "Қазақстанның құрметті азаматы" жобасының қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қараша айының 15-і мен желтоқсан айының 25-і аралығында қазақстандықтар өмірлік ұстанымы мен игі істері қоғам үшін маңызды деп танылған азаматтарға белсенді түрде дауыс берді.
"Қазақстанның құрметті азаматын" анықтау үшін бүкілхалықтық дауыс беруге 10 үміткер қатысты, олар: Алмаз Ержан, Азиз Заиров, Марина Чейшвили, Карла Нур, Нагима Плохих, Мұрат Қабылбаев, Азамат Темірбаев, Жансая Абдумалик, Дмитрий Родин и Ермек Тұрсұнов. Олардың әрқайсысы қазірдің өзінде бұл атаққа әбден лайықты - өнегелі өмір жолдары өскелең ұрпаққа үлгі болып табылатын бұл азаматтарға қарап бой түзеуге болады.
Дауыс беру нәтижесінде екі айқын көшбасшы анықталды: Мұрат Қабылбаев пен Марина Чейшвили. BI Group басшылығы екі үміткерді байқаудың бас жүлдесі - Астанадан пәтерге лайықты деп шешті, сондықтан байқау нәтижесі бойынша екі бөлмелі екі пәтер сыйға берілетін болады.
Ұйымдастыру комитеті екі үміткерге де пәтерді қажет деп санады. Марина отбасымен Астанада жалдамалы пәтерде тұрады, оның ешқашан жеке баспанасы болған емес. Мұраттың ауылда үйі бар, алайда жақын арада Астанаға оқуға келіп, жұмыс жасауға, жаңа биіктіктерді бағындыруға келетін он баласы өсіп келеді.
Барша қазақстандықтар да екі үміткерді бұл абыройлы атаққа лайықты деп санады, сондықтан оларға тең дауыс берді. Ауыр дертке шалдыққан баласы өмірден өткеннен кейін, қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға тегін көмектесу үшін аянбай бар күшін салған Марина Чейшвилидің қайсарлығы мен мейірімі біздің, барша адамдардың жүрегін елжіретпей қоймады. Әрбір бала өз жанұясында тұрғанын жан-тәнімен қалайтын Мұрат Қабылбаевтың да өміржолы - ерекше және үлгі болуға тұрарлық. Бұл екі азамат біздің қоғамның өзекті мәселелерімен айналысуда - балалар үйінен бала асырап алу мен қатерлі ісікке қарсы күрес.
Алайда ұйымдастыру комитеті қалған сегіз үміткерді назардан тыс қалдырмады, өйткені олар екі мыңнан астам адамның арасынан таңдалған болатын. Сондықтан барлық үміткерге жеке банктік шот ашылып, 500 мың теңге көлемінде сыйақы берілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 15 қарашасында басталған жоба - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ұштастырылды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 2000-нан астам кандидаттардың өтінімі bi-azamat.kz сайтына ұсынылды. Ұйымдастыру комитеті тәуелсіз сараптамалық кеңестің мүшелері Аружан Саинға, Ерлан Каринге, Айгүл Мүкейге, Айдос Сарымға, Айбек Алдабергеновқа, Вадим Борейкоға, Асель Карауловаға, Сергей Пономаревке, Досжан Табылдыға, Әлішер Елікбаевқа, Ержан Рашевке, Денис Кулькинге, Нұркен Халықбергенге, Евгении Кочетовқа және басқаларына ерекше алғысын білдіреді. Олардың алдында жауапты міндет тұрды - екі мың үміткердің арасынан лайықты деп танылған он азаматты таңдау. 26 желтоқсан күні сағат 15:30-да ОКҚ алаңында тікелей эфирде үміткерлерді марапаттау рәсімі өтеді.
Жобаның бас ақпараттық серіктесі Tengrinews.kz.