Қазақстанның құрметті ұшқышы дүниеден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның құрметті ұшқышы дүниеден өтті Дәулетбай Серікбаев

Қазақстанның еңбек сіңірген ұшқышы Дәулетбай Серікбаев өмірден озды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның еңбек сіңірген ұшқышы Дәулетбай Серікбаев өмірден озды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті естіртті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің ұжымы Серікбаев Дәулетбай Мұсаұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Дәулетбай Серікбаев Азаматтық авиация комитеті ұшуды пайдалану басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.

"Кәсіби маман әрі еңбек сіңірген авиатордың авиация саласында 40 жылдық тәжірибесі бар. Түрлі жылдары қазақстандық әуе компанияларда жұмыс істеген, ЯК-40, ТУ-154, А-310 әуе кемелерінің ұшқышы және командирі болған. Дәулетбай Мұсаұлы Азаматтық авиация комитетінде 2002 жылдан бері еңбек етті. Кәсіби шеберлігі, еңбек жетістіктері мен азаматтық авиация саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ведомстволық марапат - "Құрметті авиатор" төсбелгісімен марапатталды", - деп хабарлады ААК өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети