Маңғыстау облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп мұнай-газ саласының жекелеген кәсіпорындары қызметіне тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп мұнай-газ саласының жекелеген кәсіпорындары қызметіне тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
"Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС лауазымды тұлғалары бюджет қаражаты есебінен 700 миллион теңгеден астам сомаға мердігер компанияның шығыстарын негізсіз өтегені анықталды.
Бұдан басқа, мердігерлерге нақты көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 миллиард теңге аударылған.
"Аталған заңбұзушылықтар бойынша 10 шілдеде Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде жымқыру") бойынша соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 22 шілдеде "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ еншілес ұйымының 11 миллион теңгесін жымқыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.
"23 шілдеде "Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Т. ұсталды.
Қаражатты жымқыру дерегі бойынша ҚК-нің 189-бабымен бұрын басталған соталды тергеп-тексерулер бойынша "Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, мердігерлік ұйымдардың 2 өкілі ұсталды".
Прокурорлық тексеру басталғаннан бері барлығы 19 соталды тергеу басталды, олар Маңғыстау облысының экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде.
"Бюджет қаражатын жымқыру және талан-таражға салу деректері бойынша оларды тергеу шеңберінде 8 адам, оның ішінде "Қазмұнайгаз "ҰК" АҚ еншілес компанияларының 4 басшы лауазымындағы тұлғалар ұсталды".
Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!