Қазақстанның Одақтық мемлекеттерге қосылу жоспарында жоқ - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Одақтық мемлекеттерге қосылу жоспарында жоқ - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольской правда" басылымына берген сұхбатында Қазақстан Ресей және Беларусь Одақтық республикаларына қосылу жоспарда жоғын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан Ресей және Беларусьпен екіжақты формат бойынша да, интеграциялық байланыс аясында да серіктестік орнатады (ЕЭО, ҰҚК, ТМД). Бізде Ресей және Беларусь Одақтық мемлекеттеріне қосылу жоспарда жоқ. Басты бағыт - аталған ұйымдар шеңберінде интеграцияны одан әрі дамыту", - дейді Тоқаев. 

Тоқаев Қазақстан үшін ЕЭО экономикалық одақ ретінде әлеуетін күшейтуді ұсынатынын жеткізді. 

"Біз Еуразиялық экономикалық одақты жаһандық ауқымдағы тиімді құрылымға айналдыра аламыз. Бұл бағыт бойынша жұмыстар кезеңімен жүріп жатыр. 2025 жылға қарай ортақ энергетикалық, қаржылық нарық болады. Цифрлық қарым-қатынас перспективалық бағыт", - деді Мемлекет басшысы. 

Президент қазақстандықтар үшін Ресей ең жақын мемлекет болып қала беретінін атап өтті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.39  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети