31 мамыр 2021 | 09:33

Қазақстанның он өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com. Фото: pixabay.com.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 мамырда еліміздің кейбір өңірінде қатты ыстық, ал кейбірінде жаңбыр мен бұршақ жауатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 мамырда еліміздің кейбір өңірінде қатты ыстық, ал кейбірінде жаңбыр мен бұршақ жауатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында дүйсенбіде ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріліп, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Синоптиктер мәліметі бойынша, өңірде өрт шығу қаупі сақталады.

31 мамырда Қарағанды облысы мен Жезқазғанда ауа температурасының көтерілуіне байланысты ескерту жарияланды. Кей жерлерде +38 градусқа дейін ыстық болады. Кей жерлерде найзағай болуы мүмкін.

Қызылордада және Қызылорда облысында термометр +43 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, құмды дауыл соғуы мүмкін.

Метеорологтар мәліметіне сүйенсек, Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтанда найзағай ойнайды. БҚО-да кей жерлерде бұршақ жауып, күн күркірейді. Қостанай облысында дауыл, бұршақ және найзағай күтіледі.

Павлодар облысында дүйсенбіде қатты жел соғып, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді, кей жерлерде найзағай ойнайды.

Түркістан облысының тауларында құмды дауыл соғады, кей жерлерде найзағай күтіледі.

СҚО-ның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауып, дауыл, бұршақ және найзағай болады деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети