Қазақстанның он өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның он өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның он облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның он облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.

6 маусымда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде және орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз оңтүстікте және облыс орталығында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде нөсер, оңтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, облыстың шығысында күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

6 маусымда күндіз солтүстікте, Маңғыстау облысының орталығында найзағай ойнап, құмды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, облыс орталығында жел екпіні секундына 25 метр болады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

6 маусымда күндіз Түркістан облысы тауларында найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/сағ.

Алматы облысының таулы аймақтарында да найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың шығысында жел екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Шығыста, Қарағанды ​​облысының орталығында найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні шығыста, облыс орталығында секундына 15-20 метрге жетеді.

6 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыста солтүстік-шығысқа ауысады, жел екпіні облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метр болады. Бүгін түнде облыстың батысында 1 градус аяз болады деп күтіледі.

6-7 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында таулы аймақтарда жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети