Қазақстанның оңтүстігінде әскери дрон неге құлады: Қорғаныс министрлігінің нұсқасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның оңтүстігінде әскери дрон неге құлады: Қорғаныс министрлігінің нұсқасы Иллюстрациялық фото: gov.kz

2 маусымда Қазақстанның оңтүстігінде әскери дрон құлады. Қорғаныс министрлігі оқиғаның алдын ала себебін атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Сенат кулуарында журналистер Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековтен оқиғаның мән-жайын сұрады.

Оның айтуынша, оқиға жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған.

"Жамбыл облысында оқу-жаттығу шаралары кезінде аппараттарымыздың бірі штаттан тыс жағдайда қонды. Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр", - деді Мұстабеков.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

"Дегенмен түпкілікті қорытынды комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін жасалады", - деп атап өтті министрдің орынбасары.

Ол оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін баса айтты.

"Аппарат инфрақұрылым нысандарына немесе басқа ғимараттарға құлаған жоқ. Ол далалық жерге штаттан тыс жағдайда қонды", - деп түсіндірді Мұстабеков.

Журналистердің дронның түрі туралы сұрағына жауап бере отырып, Қорғаныс министрлігінің өкілі бұл отандық өндірістегі аппарат екенін хабарлады.

"Бұл - бақылау мен мониторинг жүргізуге арналған отандық өндірістегі ұшқышсыз ұшу аппараты. Белсенді жауынгерлік дайындыққа байланысты біз мұндай аппараттарды күнделікті дерлік қолданамыз. Сондықтан кейде техникалық ақаулар болып тұрады", - деді ол.

Мұстабековтің айтуынша, тексеру аяқталғаннан кейін Қорғаныс министрлігі оқиғаның себептері туралы қосымша ақпарат береді.

Еске сала кетейік, 2 маусымда Қазақстанның оңтүстігінде әскери дрон құлаған болатын. Қорғаныс министрлігі оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ екенін хабарлады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +20
Ақтау +22
Ақтөбе +18
Атырау +22
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +22
П
Павлодар +18
Петропавл +20
С
Семей +24
Т
Талдықорған +25
Тараз +27
Түркістан +20
О
Орал +18
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер