ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қаңтар 2022 | 14:42
Қазақстанның оңтүстігінде жарық сөнді: сарапшы электр қуаты өшуіне қатысты пікір білдірді
Энергетика саласының сарапшысы әрі KEGOC АҚ-тың бұрынғы басшысы бірнеше өңірде электр қуаты өшіп қалуының ықтимал себептері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Энергетика саласының сарапшысы әрі KEGOC АҚ-тың бұрынғы басшысы бірнеше өңірде электр қуаты өшіп қалуының ықтимал себептері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Наурызбаев Қазақстанның бірқатар өңірінде, сондай-ақ Орталық Азия елдерінде электр қуаты өшкені туралы деректер жоқ екенін, бірақ апат Өзбекстан аумағында болуы ықтимал екенін айтты. Наурызбаевтың айтуынша, Өзбекстандағы проблемаларға байланысты Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда электр жарығы бірінші рет өшіп отырған жоқ. Алматыда осыған ұқсас жағдай екі рет болған.
"Сонымен қатар, резервте тұрған электр станциялары пайдаланылды, нәтижесінде резерв жойылды. Кез келген генерация активтерінің жоғалуы электр қуатының сөніп қалуына әкеледі", - деді Науразбаев.
Энергетиктің айтуынша, бұл мәселені шешу үшін Өзбекстанмен шекарада тұрақты ток желісін (әртүрлі жиіліктегі магистраль желілерді қосатын станция) орнату қажет. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері арқылы токтың өзіндік генерациясын дамыту мәселесі өзекті саналады.
Еске салайық, Алматыда және Қазақстанның бірнеше облысында электр қуаты өшіп қалды. Бұған дейін Алматы әкімдігі оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын. Сондай-ақ, БАҚ Өзбекстан мен Қырғызстан қалаларында да жарық сөнгені туралы хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также