Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды Скриншот Яндекс карта

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 5 қаңтарда Астана уақытымен сағат 10:15-те Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында тіркелген. Жерасты дүмпулерінің ошағы Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,7 болды.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,2 болған. Эпицентрі Қордайдан солтүстік-шығысқа қарай 88 шақырым жерде орналасқан.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 23 желтоқсанында қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети