Қазақстанның оңтүстігінде мұнай табылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© facebook.com/EcologyofKazakhstan/ © facebook.com/EcologyofKazakhstan/

Қазақстанның оңтүстігінде боксит кенін іздеу кезінде Түркістан облысында мұнай табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның оңтүстігінде боксит кенін іздеу кезінде Түркістан облысында мұнай табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шоқпақ учаскесінде полеозой дəуіріндегі жыныстан, Үлкен Қаратау тауаралық ойысында алғаш рет таяу тереңдікте орналасқан мұнай білінген.

"Іздеу-түсіру экспедициясы Үлкен Қаратау Леонтьев ойысындағы геофизикалық ауытқуларға боксит кені жəне онымен байланысты қорғасын, мырыш жəне сирек жерлерді табу үшін зерттеу жүргізді. Осы мақсатта 300 метрге дейінгі тереңдіктегі ұңғыма бұрғыланды. Бұрғыланған түрлі тереңдіктегі 39 ұңғыманың 11-інен қоңыр түсті түрлі реңктегі сұйық-тамшылы мұнай табылды. Сондай-ақ бұрғылау кезінде бұрғылау ерітіндісінде мұнай қабықшасының шығарылуы жəне осы бұрғылау ерітіндісінің газдануы байқалды", -  дейді Экология министрлігінің өкілдері.

Айтылған Шоқпақ учаскесінде мұнайдың білінуі Қазақстанның таулы жерінде алғаш рет байқалып отыр жəне Сырдария мен Шу-Сарысу ойысындағы мұнайгаздылықты болжауда маңызды мəнге ие. Бұдан бұрын Шу-Сарысу ойысында бірнеше ұсақ газ кен орны ашылған болатын. Оның едəуір танымалдары - Амангелді жəне Придорожный кен орны.

Енді Сырдария жəне Шу-Сарысу ойысы мұнай іздеудің келешегіне жол ашады. Ведомство учаскелердегі барлау жəне бұрғылау жалғастырылатынын атап өтті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro