Қазақстанның оңтүстігінде жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның оңтүстігінде жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза тапты depositphotos.com

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Еңбекші ауылында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан бір отбасының бес баласы қаза тапты. Тағы бір бала ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.


Түркістан облысы Түлкібас ауданы Еңбекші ауылында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан бір отбасының бес баласы қаза тапты. Тағы бір бала ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Volkswagen Polo автокөлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Соққының қатты болғаны сонша, көлік екіге бөлініп қалған.

Дәрігерлер зардап шеккен баланың өмірін сақтап қалды, алайда оның жағдайы әлі де ауыр. Ата-анасының өтініші бойынша баланың жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпарат жарияланбайды.

Полицияның алдын ала мәліметтері бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бас прокуратура мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы бес айында Түркістан облысында 461 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апаттарынан 100 адам қаза тауып, тағы 573 адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

Читайте также

Валюта бағамы

 485.26   552.61   6.23 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +16
Ақтау +20
Ақтөбе +13
Атырау +19
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +15
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +20
П
Павлодар +16
Петропавл +24
С
Семей +24
Т
Талдықорған +22
Тараз +24
Түркістан +14
О
Орал +24
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер