Қазақстанның оңтүстігінде 8 шілдеде болған жер сілкінісі сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы Құлан ауылында түсірілген кадрлар тарады. Жер асты дүмпулері бұл жерде 6 балл күшінде сезілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 шілдеде Астана уақытымен 14.30-да жер сілкінісін тіркеді.
ТЖМ мәліметінше:
- Құлан а. 6 б.
- Мерке а. 5 б.
- Шу қ. 3 б.
- Сарыкемер а. 3 б.
- Төле би а. 3 б.
- Тараз қ. 3 б.
- Аса а. 2 б.
- Мойынқұм а. 2 б.
- Қордай а. 2 б.
- Бауыржан Момышұлы а. 2 б.
- Қаратау қ. 2 б.
- Тұрар Рысқұлов а. 2 балл болып сезілген.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!