14 сәуір 2023 16:51

"Қазақстанның оңтүстігіндегі митинг": полицейлер фейк авторларын тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Түркістан облысында жанармайдың қымбаттауына байланысты митинг өтті деген жалған ақпараттың авторлары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында жанармайдың қымбаттауына байланысты митинг өтті деген жалған ақпараттың авторлары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, полицейлер Түркістан облысындағы Батыс Қытай - Батыс Еуропа автожолында заңсыз автожарыс өткізу орнынан митинг өткізу туралы жалған ақпаратты бейнежазбаға жазып, таратқан Сайрам ауданының екі тұрғынын анықтады.

"ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша "көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық мән-жай анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 13 сәуірде кешке Telegram-арналарында Шымкент-Самара тасжолында жанармайдың қымбаттауына наразы жұрт жанармай құю бекеттерінің жанына жиналып жатыр деген ақпарат пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети