Қазақстанның оңтүстігінен солтүстік өңірлерге 65 отбасы қоныс аударды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның оңтүстігінен солтүстік өңірлерге 65 отбасы қоныс аударды ©️ otyrar.kz

Шымкенттен солтүстік өңірлерге 65 отбасы қоныс аударды. Жаңа қоныста олар тұрақты жұмыс пен мамандандырылған тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы "Ұлы Көш" қоғамдық ұйымының төрайымы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттен солтүстік өңірлерге 65 отбасы қоныс аударды. Жаңа қоныста олар тұрақты жұмыс пен мамандандырылған тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы "Ұлы Көш" қоғамдық ұйымының төрайымы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Оңтүстіктен қоныс аударғандар Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жаңа өмір бастауға ұйғарған. Мұндай қадамға итермелеген маңызды себеп – мемлекеттік әлеуметтік қолдау болды.

Қоныс аударған отбасыларға 275 мың теңгеге дейін бір реттік жәрдемақы және тұрғын үй құнының 50 пайызына дейінгі соманы жабуға арналған сертификаттар беріледі. Алайда бұл жеңілдіктерге ие болу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.

"Шартқа сәйкес, қоныс аударушылар бес жыл толғанша қайта оралмауы тиіс, сондай-ақ олардың банк шоттары бұғатталмаған болуы қажет. Егер бұғат болса, қаржы мемлекеттік қолдау арқылы өтетін арнайы шотқа аударылады", – деді "Ұлы Көш" ұйымының төрайымы Ақлима Ертайқызы.

Қоныс аударушылардың басым бөлігі жаңа ортаға сәтті бейімделіп үлгерген. Жауапты органдар мәліметінше, олардың 90 пайыздан астамы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Телеарна мәліметінше, оңтүстік өңірлерден солтүстікке көшуге ниеттілердің саны жыл сайын артып келеді. Биылдың өзінде Шымкенттен 116 отбасы қоныс аударуға өтініш берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети