Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы ТЖД "Қазгидромет" кәсіпорнының ескертуіне сүйене отырып, 11-13 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында күннің жылынуына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті. "Қарлы тау бөктерлеріне шықпауларыңызды сұраймыз. Жолда абай болыңыздар", - делінген ТЖД хабарламасында.