09 ақпан 2017 17:59

Қазақстанның Польшадағы елшісін жауапқа тартуға кеңес берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының атына Алтай Әбибуллаевқа қатысты тәртіптік өндіріс салу бойынша кеңес түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысының атына Алтай Әбибуллаевқа қатысты тәртіптік өндіріс салу бойынша кеңес түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырыста Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Әбибуллаевты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша А.Әбибуллаевқа қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізуге шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети