24 шілде 2014 | 19:06

Қазақстанның ірі кәсіпкерлері Bank RBK-ның акционері атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанның бірқатар ірі кәсіпкерлері "Bank RBK" АҚ-ның жаңа акционері болып жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бірқатар ірі кәсіпкерлері "Bank RBK" АҚ-ның жаңа акционері болып жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Bank RBK-ның ақпараты бойынша, бағалы қағаздар нарығында банктың 43 пайыз қарапайым акциясын Қазақстанның бірқатар ірі кәсіпкерлері сатып алған. Атап айтқанда, Дінмұхамед Ыдырысов банктың 9,9 пайыз акциясын сатып алса, Қайрат Шәріпбаев тоғыз, Ержан Достыбаев - 9,9 пайыз, Бахаридин Аблазымов та 9,9 және Уалихан Нұрмұхамедов - 4,3 пайыз банк акциясының иесі атанды, деп хабарлаған қаржы институты таратқан мәліметте.

Атап өтейік, Дінмұхамед Ыдырысов - "Матен Петролеум" мұнай компаниясы мен "Ордабасы" корпорациясының бақылау пакеті акциясына иелік етеді, ол сондай-ақ "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясының 100 пайыз қожайыны болып табылады.

Банк акциясын сатып алған Қайрат Шәріпбаев та құралақан емес. Ол - "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның 2009 жылдан бері иесі болып табылады, ал Ержан Достыбаев - "Матен Петролеум" АҚ-ның ірі акционері және "Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты" АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі екені мәлім. Бахаридин Аблазимов болса "Матен Петролеум" АҚ-ның президенті қызметін атқарады. Ал Уалихан Нұрмұхамедов "Ордабасы" корпорациясының басқарма төрағасы қызметінде отыр. Айта кетейік, Дінмұхамед Ыдырысов, Ержан Достыбаев пен Бахридин Аблазимов Қазақстандағы ең ірі 50 кәсіпкердің қатарына кіреді.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның Ұлттық банкі "Bank RBK" АҚ акционерлерінің бірі болып табылатын Мақсұт Өтепбергенов тарапынан түскен арыз-шағымға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Оған "Bank RBK" банкі Директорлар кеңесінің сарапшысы, белгілі банкир Жомарт Ертаевтың жеке оққағарлары дәл осы қаржы институтының қосымша эмиссия ретінде шығарылған акцияларын заңсыз жолмен сатып алды деген сыбыс себеп болған. Сол уақытта Алматы экономикалық соты акционер Өтепбергеновтан түскен шағымға байланысты "Bank RBK" АҚ-ның эмиссиялық есебінде тұрған акциялардың айналымда жүруіне тоқтау салған болатын. Алайда сот шешімі әлі күнге дейін заңдық күшіне енбеген.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети