©dic.academic.ru
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі қызметінен босатылды, бұл туралы Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. "Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарлама мәтінінде. Ғалым Оразбақов 1964 жылы 1 қыркүйекте Алматыда туған. 1986 жылы Қазақ политехникалық институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша тәмамдады. 1995-1996 жылдары Көлік және коммуникация министрінің орынбасары болды. 1996-1997 жылдары ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының меңгерушісі, хатшысы қызметтерін атқарды. Әр жылдарда Көлік және коммуникация министрлігінің экономикалық саясат, инвестициялар және сыртқы байланыстар жөніндегі департаменттерінің директоры, Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі жөніндегі комитеттің төрағасы, Көлік және коммуникация вице-министрі болып жұмыс істеді. 1998-1999 жылдары "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ-ның жалпы мәселелер бойынша вице-президенті, атқарушы директоры, әкімшілік мәселелер және құрылыс жөніндегі департаментінің директоры болды. 2000 жылдан 2001 жылға дейін ҚР Премьер-министрі кеңсесінің өндірістік бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды, 2003 жылы шілдеде "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" ААҚ президенті қызметіне тағайындалды. Оразбақов ҚР Индустрия және сауда министрі де болды, 2008 жылдың 16 сәуірінен 2012 жылдың 25 сәуіріне дейін Қазақстанның Израиль мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. Бұдан соң Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның РФ-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған еді.
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі қызметінен босатылды, бұл туралы Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Ғалым Ізбасарұлы Оразбақов Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарлама мәтінінде.
Ғалым Оразбақов 1964 жылы 1 қыркүйекте Алматыда туған. 1986 жылы Қазақ политехникалық институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша тәмамдады.
1995-1996 жылдары Көлік және коммуникация министрінің орынбасары болды. 1996-1997 жылдары ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының меңгерушісі, хатшысы қызметтерін атқарды. Әр жылдарда Көлік және коммуникация министрлігінің экономикалық саясат, инвестициялар және сыртқы байланыстар жөніндегі департаменттерінің директоры, Әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі жөніндегі комитеттің төрағасы, Көлік және коммуникация вице-министрі болып жұмыс істеді.
1998-1999 жылдары "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ-ның жалпы мәселелер бойынша вице-президенті, атқарушы директоры, әкімшілік мәселелер және құрылыс жөніндегі департаментінің директоры болды. 2000 жылдан 2001 жылға дейін ҚР Премьер-министрі кеңсесінің өндірістік бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды, 2003 жылы шілдеде "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" ААҚ президенті қызметіне тағайындалды.
Оразбақов ҚР Индустрия және сауда министрі де болды, 2008 жылдың 16 сәуірінен 2012 жылдың 25 сәуіріне дейін Қазақстанның Израиль мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.
Бұдан соң Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның РФ-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған еді.