30 мамыр 2022 | 06:26

Қазақстанның сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 мамырда Түркістан облысының таулы аймақтарында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

30 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, күндіз шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Батыстан соққан жел екпіні облыстың солтүстігінде, батысында секундына 15-20 метр болады.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

30 мамырда таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз батыста, облыстың солтүстігінде соққан жел екпіні секундына 15-20 метр болады.

30 мамырда Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Жалаңашкөл ауданында жел екпіні секундына 24-29 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында күндіз найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан соққан жел екпіні облыстың оңтүстігінде секундына 23 метр болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети