Бүгін Астанада үздік жұмыс берушілерді анықтауға арналған "Сенім - 2014" байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Астанада үздік жұмыс берушілерді анықтауға арналған "Сенім - 2014" байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның HR-менеджерлері қауымдастығы үйлестіруші кеңесінің төрайымы, "Самұрық-Қазынаның" адам ресурстарын басқару департаментінің директоры, байқаудың сарапшылар кеңесінің мүшесі Гүлмира Раисованың айтуынша, "Сенім" конкурсына қатысуға ниет білдіріп жатқан жұмыс берушілердің саны жыл санап артып келеді. "Биыл 100-ден астам өтініш түсті. Осыдан 4 жыл бұрынғы одан 2 есе аз болған", - дейді ол.
Сонымен, байқаудың «Ең озат ұлттық жұмыс беруші компания» аталымы бойынша 1-ші дәрежелі сыйлықты "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" (KEGOC) иеленді. Бұдан бөлек, "Ең озат ұлтаралық жұмыс беруші компания" - "Кар-Тел» ЖШС ("Beeline" сауда маркасы), "Әлеуметтiк әрiптестiктiң ең үздiк жобасы" аталымы бойынша "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясы жеңiмпаз атанса, Павлодар мұнай-химия зауыты "Ең үздiк HR жоба" сыйлығына ие болды.
Сондай-ақ, "Ең озат халыққа қызмет көрсету саласындағы компания" атағын Инновациялық еуразиялық университет және "Сбербанк" иеленсе, "Жол жөндеушi" мен "Орталық" компаниялары "Ең озат өндiрiстiк жұмыс берушi компания" атанды.