11 қазан 2021 | 09:59

Қазақстанның солтүстігінде кен орнын салу үшін 48 гектар орман оталады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

pkzsk.info pkzsk.info

СҚО Айыртау ауданында әлемдегі ең ірі "Сырымбет" қалайы кен орнын игерумен айналысатын TIN ORE MINING компаниясына 48 гектар орман беріледі. Тиісті нормативтік-құқықтық құжаттар ашық түрде қолжетімді болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news. сайтына сілтеме жасап.
Кен орны Кеңес заманында ашылған әрі әлемдегі ең үлкен кен орны. Қазір оған үлкен инвестициялар салынып жатыр. Қыркүйек айында "IN ONE MINING" ЖШС акцияларының 25 пайызы 14 миллиард теңгеге сатылған. Осылайша, жобаның жалпы бағасы кем дегенде 56 миллиард теңге болды.

Иконка комментария блок соц сети

"Қаулы жобасында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орлиногор орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерінен жалпы ауданы 48,5 гектар жер учаскесін осы қаулының қосымшасына сәйкес өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздікке арналған жерлер және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлерге ауыстыру көзделген", - делінген сайтта.

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы "Сырымбет" кен орнының минералдық шикізатын өндіру және қайта өңдеу үшін жер учаскелерін беру мақсатында орман қорының жерлерін басқа жерлерге ауыстыру мақсаты қойылғаны атап өтілді.

"Жобаның жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары жоқ", - делінген жобада.

Экспликацияға сәйкес 48,5 гектар алып жатқан жердің 45,7 гектары орман, тек 0,75 гектары ғана орманды алқап емес, ал 2 гектары "қолайсыз" жерге жатады. TIN ONE MINING түсініктемесінде орман алқаптарын орман шаруашылығында емес, басқа мақсатта пайдаланып, орман шаруашылығынан айрылылған жағдайда ел бюджетінің кірісіне 13,7 миллион теңге мөлшерінде өтеуге міндетті екендігі көрсетілген. Компания ағаш шығынын 4,7 миллион теңге мөлшерде өтеуге мәжбүр болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети