02 сәуір 2020 09:39

Қазақстанның солтүстік аймағындағы коронавирус ошақтары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Петропавлда коронавирус ошағы болып саналатын мекенжайлар аталды, - деп хабарлайды Петропавловск.news.


Петропавлда коронавирус ошағы болып саналатын мекенжайлар аталды, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Жалғасы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Руслан Алишевтің сөзінше, 1 сәуір сағат 23:00-дегі жағдай бойынша өңір аумағында коронавирус инфекциясының 5 ошағы бар. 

Петропавлда - 4 ошақ (Н.Назарбаев көшесі, 270; Парковая көшесі, 121; Хименко көшесі, 1 және Карим Сутюшев көшесі, 17) және тағы бір ошақ - Тайынша ауданы Келлеровка аулы. 

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 6 адам коронавирус жұқтырған. 

Еске салайық, 2 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында - 7 адам, Атырау облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Қарағанды облысында - 6 адам тіркелді. 

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 191 адам, Алматы қаласында – 90 адам, Қарағанды облысында - 21 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 18 адам, Жамбыл облысында -5 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 6 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 25 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 5 адам анықталды", - делінген хабарламада. 

Қазақстанда жалпы 402 науқас тіркелді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети