28-і мен 30-шы маусым аралығында Қазақстанның солтүстік және батыс облыстарында нөсерлі жаңбыр жауады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап.
28-і мен 30-шы маусым аралығында Қазақстанның солтүстік және батыс облыстарында нөсерлі жаңбыр жауады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап.
"Солтүстік және батыс облыстарында атмосфералық фронттарының әсерінен жаңбыр көп болады, ал температура +23…+30º дейін төмендейді, ол климаттық нормаларға жақын және аздап төмен", - деп хабарлады метеорологтар.
Сондай-ақ 28-30 маусым аралығындағы демалыс күндерінде еліміздің оңтүсігі мен оңтүстік шығысында ауа-райы бұрынғыдай ыстық болады. Күндізгі температура +32... +39, тіпті кей жерлерде +40... +43 градусқа дейін жоғарылайды. Онда жауын-шашын болмаған соң, ол осы аудандарда төтенше жоғары өрт қаупіне әкеп соқты. Республиканың орталығында және шығысында найзағайлы өткінші жаңбыр күтілсе де, күндізгі температура +30…+37º дейін, кей жерлерде +40º дейін көтеріледі.