15 шілде 2016 13:38

Қазақстанның солтүстік өңірлеріне көшкен жағдайда мемлекет не береді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР оңтүстік өңірлерінің тұрғындары 2050 жылға қарай 5 миллион адамға көбейеді. Осыған байланысты үкіметтегілер қазақстандықтарды солтүстікке қарай көшіруге ынталандыру үшін шаралар қабылдап жатыр. Бұл шаралар Жұмыспен қамту жол картасының аясында жүзеге асырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов айтты.


ҚР оңтүстік өңірлерінің тұрғындары 2050 жылға қарай 5 миллион адамға көбейеді. Осыған байланысты үкіметтегілер қазақстандықтарды солтүстікке қарай көшіруге ынталандыру үшін шаралар қабылдап жатыр. Бұл шаралар Жұмыспен қамту жол картасының аясында жүзеге асырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

"Бүгін біз зерттеу жүргіздік. Бір сөзбен айтқанда, егер бізде еңбек нарығында жағдай өзгермейтін болса, ғалымдардың айтуынша, 2050 жылға қарай халықтың 55 пайызы оңтүстік аудандарда тұратын болады. Ал біздің ойымызша, оңтүстік өңірлердегі тұрғындардың саны 5 миллионға өссе, керісінше, солтүстік өңірлерде халықтың саны бір миллионға азаяды. Сондықтан біз қазірден бастап тұрғындарға еңбек мобильділігі арқылы егер өз мекен-жайын ауыстырғысы келетін болса, жұмыс орындарын өз еріктерімен ауысуды ұсынамыз. Бұл жағдайда көшіп-қонудың бірнеше түрі бар", - деді Нұрымбетов.

Оның айтуынша, халықтың көшіп-қонуы облыс ішінде немесе аудан ішінде болуы мүмкін.

"Мұнда "Жұмыспен қамту жол картасының" мақсаты - тұрғындардың экономикалық деңгейі төмен елді мекендерден дамыған елді мекендерге көшіру. Біздің елімізде 6900 ауылдық елді мекен бар. Олардың 409-ы экономикалық деңгейі төмен және ол елді мекеннің болашағы жоқ деп саналады. Екінші нәрсе, тұрғындардың облыс ішінде қоныс аударуы. Біз бұл бағдарламаны 2014 жылдың аяғында бастаған болатынбыз. Бұл жерде адамдардың еңбек күші жоқ өңірлерден жұмыс күші мол аймақтарға көшуіне басты назарды салып жатырмыз", - деді вице-министр.

Айта кетейік, үкіметтегілер қазіргі уақытта еңбек ресурстары аз өңірлерді анықтады: СҚО, Павлодар, ШҚО мен Қостанай облысы. "Егер де біздің азаматтар осы аудандарға көшетін болса, Жұмыспен қамту жол картасына сәйкес, оларға арнайы әлеуметтік пакеттер қарастырылады: біріншіден, біз олардың жаңа жерге көшуіне байланысты отағасына 50 айлық есеп көрсеткіш көлемінде және отбасының әрбір мүшесіне 35 айлық көрсеткіш есебінде жол шығынын өтейміз. Ақшамен санағанда бұл отағасына 106 мың теңге, ал жанұяның әрбір мүшесіне 74 мың теңге болады. Егер бес адамнан тұратын отбасы: әкесі, анасы, үш бала болса, оларға көшуге шамамен 402 мың теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетіледі", - деді Нұрымбетов.

Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі көшірілген отбасы жалдамалары тұрғын үймен, жатақханадағы бөлмемен қамтамасыз етілетінін және қажет болған жағдайда микронесиелерді берілетінін айтты. Яғни, қоныс аударған отбасыларға жол картасы аясында 5 миллион теңгеге дейін микронесие беріледі екен.

"Бірінші жартыжылдықта 672 адам - 320 отбасы басқа өңірлерде жұмыспен қамтылау мақсатында мекен-жайларын ауыстырған. Олардың 424-і еңбекке жарамды отбасылардың мүшесі. Сондай-ақ, олардың 75 пайызы немесе 320-ы жұмыспен қамтамасыз етілген. Жаңа мекен-жайлары бойынша оларға жалдамалы тұрғын үй беріліп, көші-қон шығыны өтеледі", - деді Нұрымбетов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети