Қазақстанның тағы алты қаласы карантинге жабылып, Ақтауда ерекше жағдай енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның тағы алты қаласы карантинге жабылып, Ақтауда ерекше жағдай енгізілді © Tengrinews.kz

30 наурыз сағат 00:00-де Қазақстанның алты қаласы: Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай карантинге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

30 наурыз сағат 00:00-де Қазақстанның алты қаласы: Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай карантинге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алты қала тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынды, тек азық-түлік, дәріхана, банк қызметтері мен жұмысқа баруы үшін шыға алады.  

Атырау мен Қарағандының егде жастағы (65 жастан жоғары) адамдарына өзін өзі оқшаулауға кеңес берілді. Сондай-ақ, 30 наурыздан бастап бұл қалаларда халық көп жиналатын орындар, мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар мен басқа да ұйымдар жабылды. Мейрамханалар мен дәмханалардың тек жеткізу қызметі арқылы жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Айта кетейік, Қарағандыда коронавирустың 7 жағдайы тіркелген. Саран, Шахтинск, Абай және Теміртау карантинге жабылған себебі бұл қала тұрғындарының 20 пайызы Қарағандыға жұмысқа және басқа да істер бойынша келеді.

"Бұл қалаларда карантин коронавирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін қабылданды", - деп мәлімдеді жергілікті билік.

Ақтауда 30 наурыздан бастап ерекше жағдай енгізілді. Қала бойынша тұрғындардың қозғалысын сағат 19:00-08:00 аралығына шектеу, пәтерден шығуға және қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан Алматы 30 наурыз бен  5 сәуір аралығына карантинге жабылған.  

30 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, Қазақстанда  коронавирус жұқтырған 284 адам тіркелді. Оның 167-сі Нұр-Сұлтанда, 70-і Алматыда.  

Шымкент - 2
Ақмола облысы - 6
Ақттөбе облысы - 2
Алматы облысы - 6
Атырау облысы - 12
ШҚО - 2
Жамбыл облысы - 3
БҚО - 2
Қарағанды облысы - 7
Қызылорда облысы - 2
Маңғыстау облысы - 1
Павлодар облысы - 1
СҚО - 1

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети