23 ақпан 2019 | 09:26

Қазақстанның тағы бір қаласында нан қымбаттады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Астықты аймақта тағы да нан қымбаттады, деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астықты аймақта тағы да нан қымбаттады, деп хабарлайды "Хабар 24" тілшісі.

Петропавлда нан бірден 15 пайызға шарықтап шыға келді. Мысалы, халық көп тұтынатын "ерекше" сұрыпты нанның бір бөлкесі 91 теңгеден 105 теңгеге дейін қымбаттаған. Ал кейбір дүкендерде тіпті 120 теңгеден сатылады. Қалалық әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, оған бидай бағасы себеп болған. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында астық қымбат. Бірақ әлеуметтік нан өзгерген жоқ. Бұрынғыша 61 теңге. Бірақ сатушылардың айтуынша, оны ешкім алмайды. "Бір сауда нүктесінде күніне 10-ақ бөлке өтуі мүмкін",  - дейді олар.

Айта кетейік, облыста соңғы жарты жылда нан 3-рет қымбаттап отыр. 

"Бізде нан-тоқаш комбинаты нанның екі түрін шығарады. Біріншісі - қалалық. Ол 61 теңге тұрады. Және екіншісі - "ерекше петропавлдық". Ол әлеуметтік маңызы бар өнімге жатпайды", - дейді қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Евгения Сальникова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети