Қазақстанның тағы төрт өңірінде казино пайда болады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның тағы төрт өңірінде казино пайда болады

Қазақстанда жаңа ойын аймақтарын ашу жоспарланып отыр. Олар Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында және Жетісу облысында пайда болуы мүмкін. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жаңа ойын аймақтарын ашу жоспарланып отыр. Олар Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында және Жетісу облысында пайда болуы мүмкін. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қай өңірлерде казино ашу жоспарланған?

Қабылданған заңға сәйкес, Бурабай мен Қапшағайдағы қолданыстағы ойын аймақтарынан бөлек, келесі аумақтарда казино орналастыру көзделіп отыр:

  • Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында;
  • Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Алакөл көлінің жағалауында;
  • Алматы облысының Талғар ауданында;
  • Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл аумағында және Зайсан ауданында.

Бұл ретте нақты қайда орналасатыны әзірге анықталған жоқ.

Нақты учаскелерді кім анықтайды?

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов нақты жер телімдерін таңдау құзыреті әкімдіктерге тиесілі екенін айтты.

"Біз аймақтарды айқындаймыз, ал нақты учаскелерді жергілікті атқарушы органдар белгілейді. Бұл инфрақұрылымның дамуына және өзге де факторларға байланысты болады", — деді министр.

Оның айтуынша, ойын аймақтарын дамыту тек туризмді дамыту құралы ретінде қарастырылады. Министр мұндай тәжірибе көптеген елде кеңінен қолданылатынын атап өтті.

Салық және жұмыс орындары

Ербол Мырзабосыновтың сөзінше, әрбір жаңа казино жылына бюджетке 2–3 миллиард теңге көлемінде салық түсіріп, шамамен 500 жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, ол ойын бизнесіне салықтық жеңілдіктер беріледі деген пікірлерді жоққа шығарды.

"Салықтарды төмендету туралы әңгіме жоқ. Казинолар әрбір ойын үстелі үшін салық төлейді. Жалпы салық түсімі екі-үш миллиард теңге көлемінде болады", - деді министр.

Үкімет алдағы уақытта ойын аймақтарының саны артуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

"Қазіргі уақытта осы аймақтар айқындалды, болашақта олар кеңеюі де мүмкін. Бұл туризмді дамыту мақсатында жасалып отыр", - деп қосты Мырзабосынов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 502.51  course down  595  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети