Қазақстанның телеарналары Алматыдағы жағдайға байланысты шұғыл таратылым жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АКМ баспасөз қызметінің ресми өкілі Арсен Бектасовқа сілтеме жасап.
Қазақстанның телеарналары Алматыдағы жағдайға байланысты шұғыл таратылым жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АКМ баспасөз қызметінің ресми өкілі Арсен Бектасовқа сілтеме жасап.
"Қазіргі кезде Ақпарат және коммуникация министірлігі 24.KZ арнасының жедел таратылым жасалуына керекті шараларды жүргізуде. "Қазтелерадио" АҚ басшылығына қажетті шараларды жасау тапсырылды және де "Қазмедиа орталығының" жабдықтары қосылып бір сағаттың ішінде тікелей эфирге шығады. Достар, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі телеарналардың жедел эфирге қосылуы бойынша жұмыс жүргізіп, қазір 24.KZ және КТК эфирге шықты. Сонымен бірге радиоарналар да іске кірісті", - деп хабарлады Бектасов.
Сонымен қатар, КТК арнасының қызметкері Ярослав Красиенко телеарнаның жақын уақытта іске қосылатындығын хабарлады.