Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны қалай анықталғанын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны қалай анықталғанын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюро есебі бойынша, Қазақстанның он тоғыз миллионыншы тұрғыны 2021 жылдың 20 маусымында дүниеге келген. Ол - Жәния Азаматқызы.
Жәния Азаматқызы отбасындағы төртінші бала. Қыз 1982 жылы туған Азамат Нұрғалиевтің және 1986 жылы туған Назгүл Көбентаеваның отбасында Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылында дүниеге келген.
"Қуанышты жаңалықты түнде естідік" - Он тоғыз миллионыншы қазақстандықтың анасы
"19 миллионыншы тұрғынның туған күнін анықтау барлық демографиялық деректі ескере отырып жүргізілді: табиғи өсім (тірі туылғандар саны мен белгілі бір кезеңде қайтыс болғандар саны арасындағы айырмашылық) және көші-қон сальдосы (белгілі бір кезеңде ел аумағына келгендер саны мен одан тыс жерлерге кеткендер саны арасындағы айырмашылық). Кандидатура тұрғылықты жеріне қарамастан, тұтастай республика бойынша анықталды.
Жалпы, тәуелсіздік жылдары халық саны 2 миллион 557 мың адамға (15,5 пайызға) артып, биыл 1 шілдеде 19 миллион 9,6 мың адам болды", - деді статистика бюросындағылар.
Еске салайық, кеше, 3 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін хабарлаған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!