Қазақстанның төрт облысында аптап болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.
Қазақстанның төрт облысында аптап болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.
10 тамызда жоғары атмосфералық қысым мен құрғақ оңтүстік циклонның ықпалында еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстік-шығысында және батысында ауа райы Мәскеу аудандарынан келетін циклонның ықпалында қалады, осыған байланысты кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Жел күшейеді, солтүстік және солтүстік-шығыста дауыл, түнде тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстанда және күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Павлодар облысында түнде тұман түседі.
Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.