Қазақстанның төрт облысында көлік қозғалысы шектелді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның төрт облысында көлік қозғалысы шектелді фото:depositphotos.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында - 1 учаске:

  • "Екатеринбург-Алматы" 1292-1353 шақырым, Жібек жолы ААП - Қарағанды облысы шекарасына дейін - 61 шақырым.

Жетісу облысында шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады - 1 учаске:

  • "Үшарал-Достық" 84-184 шақырым, Көктұма станциясы - Достық станциясына дейін – 100 шақырым.

Қарағанды облысында шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады – 6 учаске:

  • "Екатеринбург-Алматы" 1505-1854 шақырым, Новостройка а. - Балқашқа дейін - 349 шақырым.
  • "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 231-324 шақырым, Павлодар облысы шекарасы-Ботақараға дейін - 93 шақырым.
  • "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 17-217 шақырым, Қарағанды - Қарқаралы аралығында - 200 шақырым.
  • "Қызылорда-Павлодар" 970-1135 шақырым, Қарағанды - Павлодар облысы шекарасына дейін - 165 шақырым.
  • "Қызылорда-Павлодар" 788-906 шақырым, Ұлытау облысы шекарасы-Топар к. дейін – 118 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.
  • "Екатеринбург-Алматы" 1353-1426 шақырым, Ақмола облысы шекарасы-Теміртау ААП - 73 шақырым.

Павлодар облысында шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады - 2 учаске

  • "Қызылорда-Павлодар" 1135-1206 шақырым, Қарағанды облысы шекарасы-Шідерті кенті - 71 шақырым.
  • "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 137-231 шақырым, Баянауыл - Қарағанды облысы шекарасы - 94 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети