Шымкентте тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенкомен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Шымкентте тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенкомен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Жерлеу рәсіміне Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов келгені хабарланды. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасына көңіл айтқанын жеткізді.
Мемлекет басшысы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенконың қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.
"Сергей Александрович еңбек жолында колхоз инженерінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірінші төрағасына дейінгі кәсіби белестерден өтті. Оның басшылығымен Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар әзірленіп, жүзеге асырылды. Белсенді қоғам қайраткері және кәсіпкер ретінде С.Терещенко еліміздің дамуына, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Ерекше сіңірген еңбегі үшін "Қазақстанның Еңбек Ері" жоғары атағымен, басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталды", – делінген жеделхатта.
Сергей Терещенко Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов атындағы ауылда (Вановка) жерленгені белгілі болды.
Еске салайық, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко 10 ақпанда 72 жасына қараған шағында қайтыс болды. Ол 1991-1994 жылдары Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!