23 қаңтар 2017 12:09

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жаңа басшы келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ләззат Ибрагимова. © damu.kz Ләззат Ибрагимова. © damu.kz

Бүгін "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы Холдингі" АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ұжымына ("Бәйтерек" Холдингінің еншілес ұйымы) жаңа басшыны таныстырды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банктың басшылығына Директорлар кеңесінің мүшесі, 2016 жылдың 3 ақпанынан бастап "Бәйтерек" Холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Ләззат Ибрагимова тағайындалды.

Жаңа басшыны таныстыра отырып, Ерболат Досаев Ләззат Ибрагимованың "Бәйтерек" Холдингі құрылымы аясында жеткен жетістіктері мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жаңа деңгейге көтеруге септесетін кәсіби біліктілігі мен жеке қасиеттерін атап өтті.

22 жылдық жұмыс өтілінің басым бөлігін шағын және орта бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мәселелеріне арнаған. Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық университетінің оқытушылығынан бастап "Бәйтерек" Холдингіне кіретін және басқа да ірі даму институттарының басшылығына дейін қызмет атқарды.

Түрлі жылдары БҰҰ Даму бағдарламасы жобасының экономикалық даму бойынша ұлттық сарапшысы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының сараптау мен даму стратегиясы, оқыту мен консалтинг, корпоративті даму департаменттерінің басшысы, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ арнайы бағдарламалар департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарды. 2011 жылдан бері "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ басқарма төрайымы лауазымында жұмыс істеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети