Қазақстанның туристік аймақтарына арналған ауа райы болжамы жарияланады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның туристік аймақтарына арналған ауа райы болжамы жарияланады Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Қазақстанда танымал туристік бағыттар метеорологиялық мониторингпен қамтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда танымал туристік бағыттар метеорологиялық мониторингпен қамтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазгидромет Қазақстанның туристік аймақтарына үш автоматты метеорологиялық станция (АМС) орнатты: Шарын шатқалы (Шарын АМС), Көлсай көлі (Көлсай АМС) және Түрген шатқалы (Түрген АМС).

Қорықтар ішінде орналасқан осы үш аймақты таңдауға өз бетімен саяхаттаушылар мен туристік фирмалар үшін нақты ауа-райы болжамы қажет екені себеп болды.

"Жұрт көп жиналатын танымал туристік маршруттар аймағына AМС-ты орналастыру келушілерге қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, ауа райының күрт өзгеруі және дауылдар туралы ескерту қажеттігінен туындап отыр", - делінген хабарламада.

 Алда басқа да танымал туристік бағыттарды мониторингімен қамту көзделіп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети