21 қазан 2016 | 16:41

Қазақстанның ұлттық брендін анықтау бойынша байқау жеңімпазы 5 миллион теңгеге ие болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәурен Абаев Дәурен Абаев

Қазақстанның ұлттық брендін анықтау бойынша байқауға мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының ұлттық брендін анықтау бойынша байқаудың аралық нәтижелеріне арналған брифингте ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, - деп хабарлайды strategy2050.kz сайты.
 
"Логотип елдің барлық ерекшеліктерін қамтуы керек, автор барлығын сыйдыруға тырысуы керек. Біздің жетістіктеріміз бен артықшылықтарымыз көп, жұмысты тиянақты атқаруға тырысамыз. Біз Қазақстан халқына өздерінің көзқарастарын білдіріп, ұлттық брендті қалыптастыруға ұсыныс жасауын сұрадық", -  деді Дәурен Абаев.

Иконка комментария блок соц сети

Байқаудың мақсаты - ашық байқау арқылы Қазақстан Республикасының  ұлттық брендін қалыптастыру бойынша ең жақсы ұсынысты әзірлеу және анықтау.

2016 жылғы 31 тамыздан 15 қазанға дейінгі аралықта байқауға 965 өтініш қабылданды.

"Қазіргі уақытта байқаудың I кезеңі - интернет-қолданушылардың дауыс беруі өтіп жатыр. Барлық түскен жұмыстар Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтында орналастырылған. Әрбір азамат ұнатқан жұмысына SMS-хабарлама жіберу арқылы дауыс бере алады. Интернет-қолданушылардың дауыс беруі 15 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі", - деді министр.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Ресми сайтта ең көп дауыс жинаған және екінші кезеңге өтетін кемінде 5 үміткер-жұмыс анықталады. Екінші кезеңде авторлар Сарапшылық кеңесті өздерінің тұжырымдамаларымен таныстырады.

"Сарапшылық кеңестің құрамына атақты қоғам және саяси қайраткерлер, мемлекеттік органдардың, мәдениет және өнердің өкілдері кіреді. Жеңімпаз 5 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақыға ие болады, ал байқаудың екінші кезеңіне өткен қатысушылардың барлығы 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақымен ынталандырылады", - деді ол.

"Шығыстардың жалпы сомасы 7 миллион теңгеден аспайды. Оның ішінде 5 миллион теңге - бірінші орын үшін сыйлық. Финалға қатысқандар 200 мың теңгеден алады. Ұйымдастырушылық жұмыстарға қаражат көп жұмсалмайды. Барлық шығыстарды байқауды ұйымдастырушы ретінде "Қазконтент" АҚ өтейді", - деп мәлімдеді министр.

Естеріңізге сала кетейік, байқау ағымдағы жылдың 31 тамызында басталған. Конкурсқа ешқандай шектеусіз барлық қалаушылар қатысты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети