01 мамыр 2014 | 10:17

Қазақстанның ҰОС ардагерлері жыл соңына дейін пойызбен тегін жүре алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz иллюстрациясы Тengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстанның ҰОС ардагерлері жыл соңына дейін еліміздегі жолаушылар тасымалына арналған пойыз қызметін тегін пайдалана алады, -  деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ-қа сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның ҰОС ардагерлері жыл соңына дейін еліміздегі жолаушылар тасымалына арналған пойыз қызметін тегін пайдалана алады, -  деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ-қа сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлы жеңістің 69 жылдығына орай 2014 жылдың 1 мамырынан бастап 31 желтоқсанға дейін "Қазақстантеміржолы" ҰК" АҚ жыл сайынғы акциясын жаңғыртып, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға жолаушылар пойызында тегін жүруге мүмкіндік береді" делінген арнайы таратылған баспасөз хабарламасында. Онда ҰОС ардагерлері мерекелік акция аясында Қазақстанның түкпір-түкпіріне және ТМД елдеріне де тегін жете алады делінген.

ҰОС ардагерлері барлық категориядағы, қала маңы аумақтарына да қатынайтын пойыздардың купе вагондарын пайдалануға құқылы, тек "Тальго" зауытынан шыққан вагондарға тегін міне алмайды.

"ТМД елдеріне бағыт алуда жолаушы құжаты Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан вокзалдарда баратын стансасы мен кері қайту пунктіндегі сатылым бойынша тіркеледі. Билеттерді толтыру үшін жеке басын куәландыратын төлқұжат, сонымен қатар Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе оған қатысушы екенін нақтылайтын құжаттың түпнұсқасы немесе көшірмесі болуы керек" - делінген баспасөз баянында.

ҰОС ардагерлеріне жасалған жеңілдік акциясы туралы толығырақ мәліметті 105 - анықтамалық қызметінен, сондай-ақ "Жолаушылар тасымалы" АҚ-тың теміржол кассаларынан білуге болады.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети