Қазақстанның үш қаласында жолдағы таңбалар мен белгілер өзгертіле бастайды: себебі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның үш қаласында жолдағы таңбалар мен белгілер өзгертіле бастайды: себебі аталды Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

Қазақстанда пилотсыз таксилер мен жеткізуші-дрондарды іске қосу дайындалып жатыр. Осы мақсатта үш қалада жол таңбалары, белгілер өзгертіледі. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі толығырақ мәлімет берді, деп хабарлайды Tengri Auto.


Қазақстанда пилотсыз таксилер мен жеткізуші-дрондарды іске қосу дайындалып жатыр. Осы мақсатта үш қалада жол таңбалары, белгілер өзгертіледі. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі толығырақ мәлімет берді, деп хабарлайды Tengri Auto.

Жүргізушісіз таксилер мен дрондар қай жерде іске қосылады?

Бірінші кезеңде жүргізушісіз таксидің тест жобасын Астана, Алматы және Қосшы бағытында іске қосу жоспарланған. Мұндай көліктердің нақты қай жерде, қай бағыттар бойынша жүретіні және олардың жалпы саны қанша болатыны әлі шешілген жоқ. Бұл параметрлер пилоттық бағдарлама бекітіліп, технологиялардың дайындығы тексерілгеннен кейін, сондай-ақ әкімдіктер және нарық қатысушыларымен келісілген соң анықталады.

Жеткізуші-дрондарға келетін болсақ, қазір мұндай жоба Алматыда жүзеге асырылып жатыр.

Пилоттық жобаның параметрлері қазақстандық және халықаралық компанияларды қоса алғанда, нарық қатысушыларымен бірлесіп пысықталып жатыр.

Қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?

Пилотыз көлікті кезең-кезеңімен енгізу көзделіп отыр. Дрондар үшін де тест режиімінде іске қосу қарастырылған. Негізгі басымдық - қауіпсіздік және заңнама талаптарын сақтау.

Қалаларда іске қосу алдында бірқатар міндетті кезеңдер өткізіледі:

  • арнайы полигондардағы сынақтар;
  • жол инфрақұрылымын тексеру (таңбалар, белгілер, бағдаршамдар, цифрлық карталар);
  • қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау;
  • түрлі жол жағдайларындағы тәуекелдерді бағалау;
  • пилоттық жоба кезінде тұрақты бақылау мен мониторинг жүргізу.

"Бірінші кезеңде салонда стандартты емес немесе қауіпті жағдай туындағанда басқаруды бірден өз қолына ала алатын резервтік жүргізуші болады", - деді ведомстводағылар.

Егер жүйе өзінің қауіпсіздігін және іркіліссіз жұмысын көрсетсе, болашақта толықтай жүргізушісіз режимге көшу мүмкін болады - бұл кезде салонда жүргізуші болмайды, бірақ тұрақты қашықтан бақылау сақталады.

"Жоба пилоттық режимде іске асырылып жатыр және операторлар, инженерлер мен мониторинг қызметтері тарапынан тұрақты бақылауды көздейді. Жүйеде төтенше жағдайлар сценарийлері қарастырылған: қауіпсіз режимге көшу, қашықтан араласу немесе тоқтату", - деп хабарлады министрліктегілер.

Қаладағы дрондардың ұшуын бақылаудың нақты ережелері кейінірек анықталады.

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда кім жауапты болады?

Жол-көлік оқиғасы немесе өзге де инциденттер болған жағдайда жауапкершілік қатысушылар арасында - оператор, көлік иесі және өндіруші - әрқайсының рөліне байланысты бөлінеді.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленіп жатыр. Қажетті құжаттардың нақты қашан қабылданатыны әлі белгісіз. Бұл келісу процестері мен пилоттық жобаның қалай өтетініне байланысты болады.

Жол инфрақұрылымы қалай өзгереді?

Жобаны іске қосу үшін жол инфрақұрылымын бейімдеу қажет болады. Атап айтқанда, мынадай жұмыстар жоспарланған:

  • қосымша жол таңбаларын салу;
  • жаңа жол белгілерін орнату;
  • жолаушыларды отырғызу және түсірудің арнайы аймақтарын құру;
  • көше-жол желісінің басқа да элементтерін қосу.

Инфрақұрылымды дайындау бойынша негізгі жұмыстарды Астана мен Алматы әкімдіктерімен бірлесе отырып, 2026 жылдың I тоқсанында жүргізу жоспарланған.

Қашан іске қосылады?

Жүргізушісіз таксилерді сынақтан өткізу әлі басталған жоқ - жоба бағдарламаны дайындау және бекіту сатысында тұр. Ол бекітілгеннен кейін нақты аймақтар, шарттар мен іске қосу форматы анықталады.

Такси бойынша пилоттық жоба шамамен 3 жылға есептелген. Ал дрондар бойынша жақын арада Алматыда сынақ ұшулары күтіледі.

Тест режимінде іске қосуды кім қаржыландырады?

Жобаны іске асыру бюджет қаражаты есебінен жүргізілмейді. Оны қатысушы жеке компаниялар есебінен қаржыландыру жоспарланған.

Бірінші кезеңде жүргізушісіз технологияларды қолдану мына бағыттарда жоспарланған:

  • қалалық мобильділікте (жүргізушісіз такси);
  • логистика мен жеткізуде (дрондар).

Мұндай технологияларды мемлекеттік сервистерде қолдану әзірге жоспарда жоқ.

Мән-жайы

Қазақстанда жүргізушісіз көлікті іске қосу туралы бұған дейін үкіметте мәлімделген болатын.

31 наурызда өткен үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елімізде жүргізушісіз басқарылатын автомобильдерді сынақтан өткізу жосапрланып отырғанан айтқан болатын.

Мәдиевтің айтуынша, жоба халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуын көздейді, ал оны іске асыру мерзімі 2026 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.

Бұдан бөлек, Қазақстанда қазірдің өзінде жеткізуші дрондарды енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр - ол жеке бастама аясында іске қосылып жатыр.

Министрдің сөзінше, мұндай жобалар қалалық мобильділік пен логистиканың жаңа үлгілерін сынап көруге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы жүргізушісіз көліктердің болашағы

2025 жылғы желтоқсанда көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстан қазірдің өзінде ұшқышсыз көліктер үшін инфрақұрылым дайындап жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, e-Joldar жүйесі аясында жолдардың цифрлық төлқұжаттары жасалған, бұл болашақта автономды автомобильдерді енгізуге мүмкіндік береді.

Сауранбаев жолдардың ондаған жылдар алға есептеліп салынып жатқанын, сондықтан оларды жобалау кезінде ұшқышсыз көліктерге арналған стандарттар ескеріліп жатқанын хабарлады. Министрдің болжамынша, 2036 жылдан 2040 жылға дейін жүк тасымалы электрлі және жүргізушісіз автопойыздарға ауысуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 473.19   553.17   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети